Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мәжіліс: 2021 – 2023   жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт айқындалды

2020 жылдың 21 қазан 2020 12:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 – 2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заң жобасында Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферттің мөлшерін 2021 жылы - 2 700 млрд теңге, 2022 жылы - 2 400 млрд теңге, 2023 жылы 2 200 млрд теңге сомасында белгілеу көзделеді. Заң жобасында сондай-ақ кепілдендірілген трансфертті пайдаланудың нысаналы бағыты айқындалды», - деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті республикалық бюджеттен ортақ зейнетақыларды төлеуге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне бағыттау ұсынылады.

«2021-2023 жылдарға белгіленген Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері Ұлттық қордағы қаражаттың жалпы ішкі өнімнің 30 пайыз мөлшерінде төмендемейтін қалдық бойынша шарттың орындалуын қамтамасыз етеді», - деді министр.


Жоғары қарай