Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мажарстан ақпарат агенттігі ҚазАқпаратты мерейтоймен құттықтады

2020 жылдың 14 тамыз 2020 17:04

БУДАПЕШТ. ҚазАқпарат – «MTI» Мажарстан ақпарат агенттігінің бас директоры Эстер Сабо «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігін 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.

«2020 жылдың 13 тамызында «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі өзінің ғасырлық тарихына қадам басып отыр. Осыған байланысты, ҚазАқпарат басшылығы мен барлық қызметкеріне шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Агенттік қазіргідей жұмысын жалғастырып, алдағы жүзжылдықта да сенімді ақпарат көзі болып қала беруіне тілектеспіз.

Біз арамыздағы өзара келісімге иек артамыз. Мажарстан ақпарат агенттігі мен ҚазАқпараттың жемісті ынтымақтастығы екі ақпарат агенттігінің және екі елдің табысқа жетуіне септігін тигізетініне сенімдіміз», - делінген құттықтауда.



Басты сөздер: БАҚ, ҚазАқпаратқа 100 жыл,
Жоғары қарай