Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

Майра Мұхамедқызының «Дон Карлос» операсындағы дебюті

2020 жылдың 17 ақпан 2020 05:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 19 ақпан күні елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына Дж.Вердидің ғаламат «Дон Карлос» операсы ұсынылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алғаш рет патшайым Елизавета Валуаның басты партиясында «Астана Опера» сахнасына театрдың жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Майра Мұхамедқызы шығады.

«Елизавета партиясында барлығы: вокал да, актерлік шеберлік те күрделі. Патшайым болған қандай? Яғни, бұл сымбаттылықты, қимыл-қозғалыстың айрықша икемділігін, кербездігін қажет етеді. Елизавета жас, ақылды, өктем жан, көрермен менің патшайым екеніме сенетіндей етіп бейнені жасауым керек. Осы партияға дейін менің репертуарымда тек ғашық немесе қаза болатын қыздар ғана болды. Қазір өз бейнемді іздеудемін: ол не туралы ойлайтынын, оның қандай сезімде болғанын түсінгім келеді. Елизавета – азап шегуші әйел – Дон Карлосты жан-тәнімен сүйеді, бірақ патшаның алдында өзінің адалдығын, ар-намысын сақтайды. Дайындық жасап жүріп, мен олардың өмірі қандай қиын болған деп ойланамын. Мысалы, бүкіл әлем Филипп патшаның аяғының астында, бірақ оны ешкім жақсы көрмегендіктен, ол азап шегеді. Осындай сәттерде мен өзімді бақытты опера әншісі санаймын. Себебі әртүрлі кейіпкерлердің тағдырын бастан өткізіп, қайта өзімнің қалпыма келе аламын, - деді Майра Мұхамедқызы.

Бас партияларда «Астана Операның» жетекші солистері өнер көрсетеді: Филипп II – Арменияның Халық әртісі Барсег Туманян, Дон Карлос – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Италия Жұлдызы Орденінің кавалері Медет Чотабаев, Родриго – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Мұсабаев және театр солистері: Ұлы инквизитор – Болат Есімханов, Ханшайым Эболи – Татьяна Вицинская, Монах – Шыңғыс Расылхан, Тебальдо – Мәдина Исламова, Аспан дауысы – Елена Ганжа, Граф ди Лерма – Ерұлан Кәмел, Герольд – Рамзат Балакишиев.

«Астана Опера» симфониялық оркестрі, хоры, балеті, миманс әртістері, музыкалық жетекші – театрдың бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алан Бөрібаев. Қоюшы режиссер, сценограф – опера әлемінің ең беделді Opera Star Award 2019 марапатының иегері Давиде Ливермор. Сценография – Gio Forma студиясы, костюмдер бойынша суретшілер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Софья Тасмағамбетова, Павел Драгунов, бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов.

Фридрих Шиллердің аттас драмасы бойынша либреттосын Жозеф Мери мен Камиль дю Локль жазған. Әлемдік премьерасы 1867 жылы 11 наурызда Парижде орын алған, ал «Астана Операдағы» қойылым премьерасы жетінші театр маусымы аясында 2019 жылдың қазан айында орасан зор табыспен өтті.


Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Мәдениет, Өнер,
Жоғары қарай

Warning: file_put_contents(): Only 0 of 15740 bytes written, possibly out of free disk space in /home/admin/web/lenta.inform.kz/public_html/system/classes/Kohana/Core.php on line 920