Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Майамиде көпқабатты үйдің құлауы: қаза тапқандар саны 90-ға жетті

2021 жылдың 11 шілде 2021 21:42

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Құтқарушылар Флорида штатының Майами маңындағы (Флорида штаты) Сурфсайд қаласында опырыла құлаған үйдің қирандылары астынан тағы төрт құрбанның мәйіті шығарылды, құрбан болған жандардың саны 90-ға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Майами-Дэй округінің басшысы Даниэль-Левин Кава округтің Facebook арқылы трансляцияланған журналистермен баспасөз брифингі кезінде айтты.

«Біз қирандылардан бірнеше құрбанның мәйіттерін алып шықтық. Қазір қаза болғандардың жалпы саны 90-ды құрайды», - деді ол. Кава 31 адамның тағдыры белгісіз күйде қалып отырғандығын да мәлім етті.

Айта кетсек, Сурфсайдтағы көп қабатты тұрғын үй 24 маусымға қараған түні құлады. Бірінші күні үйінділердің астынан 37 адам шығарылды, бірақ содан кейін тірі қалғандар табылмады. Ал 7 шілдеде, яғни құлағаннан кейін 13 күн өткен соң, билік құтқару жұмыстарын тоқтатуға шешім қабылдады. Қазір олар апат болған жерде қаза тапқандардың денелерін іздеуде.


Басты сөздер: АҚШ, Оқиға,
Жоғары қарай