Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Маусымда Сирия процесінің кезекті 18-раунды өтеді

2022 жылдың 24 мамыр 2022 11:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы 14-16 маусым күндері елордада Сирия процессінің кезекті 18-раунды өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«14-16 маусым күндері Нұр-Сұлтан қаласында Сирия процессінің кезекті 18-раунды өтеді. Қазіргі уақытта Сыртқы істер министрлігі барлық кепілгер елге және процеске қатысушыларға шақырту хаттарын жіберді. Енді олардың келісімін күтіп отырмыз», - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров агенттік тілшісіне.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың 22 желтоқсанында елордада Сирия жөніндегі жоғары деңгейлі 17-халықаралық кездесу нәтижелі аяқталған болатын. Сол кездесуде тараптар 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласында Сирия жөніндегі жоғары деңгейлі 18-халықаралық кездесуді өткізуге уағдалақан еді.


Жоғары қарай