Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маусым және шілде айларындағы жағдай елордада қайталанбайды - дәрігер

2020 жылдың 20 қараша 2020 17:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада осы жылдың жазындағыдай індет қайтадан қатты өршуі мүмкін бе? Бұл сұраққа Нұр-Сұлтандағы Көпсалалы медициналық орталығына қарайтын қалалық инфекциялық орталықтың басшысы Татьяна Цечоева жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл сұрақ біздің бәрімізді де алаңдатып отыр. Қалада коронавирус жұқтырудың шырқау шегі өтіп кетті. Аурудың дәл осылай өршу деңгейі қазір Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарында байқалады. Біздің қалада белгілі бір дәрежеде «иммунды қатпар» қалыптасып қалды. Менің ойымша, жаңа жағдай әлі де тіркеледі. Алайда осы жылдың маусым және шілде айларындағы жағдай Нұр-Сұлтанда қайталанбайды. Аурудың мұндай шарықтау шегі «иммунды қатпар» қалыптаспаған өңірлерде болуы мүмкін. Себебі ол өңірлерде осы жазда ауру жұқтырғандар аз болды», - деді Татьяна Цечоева ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Инфекционист халық ең алдымен қазір медицина қызметкерінің кеңесіне құлақ түруі керектігін ескертті.

«Егер біз осыған дейін айтылған қарапайым шараларды ұстанатын болсақ, онда карантиннің қатаң шараларынан айналып өтеміз», - деді ол.

Еске сала кетсек бұған дейін Татьяна Цечоева коронавирус пен тұмаудың айырмашылығы неде екенін түсіндіріп берген болатын.


Жоғары қарай