Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Маусым айында елордаға жауын-шашынның үш айлық нормасы жауды

2020 жылдың 28 маусым 2020 15:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Маусым айында елордаға жауын-шашынның үш айлық нормасы жауды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің Facebook парақшасында жарияланған ақпаратта айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маусымның 1-і мен 27-сі аралығында елордаға 96 мм жаңбыр жауды. Бұл үш айлық нормамен пара-пар. Ал кеше, 27 маусымда 1 тәуліктің үшінде 39 мм жауын жауды. Ал бір айлық норма 37 мм құрайды», - делінген таратылған ақпаратта.

«Қазгидромет» мәліметінше, шілде айында елордада +23+33 градус ыстық болады. Дегенмен, ай бойы қысқа уақытқа күн салқындап отырады. Жаңбыр жауып, ұйытқып жел соғады. Түнде +7+12, ал күндіз +17+23 градусқа дейін ауа температурасы төмендейді.

Айта кетейік, кеше елордада қатты жауын жауып, қаланың бірқатар көшесін су басқан еді.



Жоғары қарай