Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мәулен Әшімбаев Башқұртстан басшысымен кездесті

2021 жылдың 28 қыркүйек 2021 19:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат жоғары палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өз сөзінде Сенат спикері Қазақстан үшін Ресей Федерациясы одақтас және стратегиялық серіктес мемлекет екенін атап өтті. Екі ел арасында өзара түсіністік пен сенімге негізделген қарым-қатынас орнағанын тілге тиек еткен Мәулен Әшімбаев осыған байланысты Башқұртстан Республикасымен сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және саяси бағыттарда екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсудің маңызды екеніне назар аударды.

«Біздің елдеріміз арасында депутаттық корпус деңгейінде ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша тұрақты диалог орнады. Ресей Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенконың Қазақстанға ресми сапары кезінде екі елдің парламентаралық өзара іс-қимылын әрі қарай белсенді түрде дамыту жөнінде келіскен едік. Федералды Жиналысы Федерация Кеңесіне Башқұртстанның атынан сайланған депутаттары біздің бірлескен комиссияның жұмысына немесе Парламенттеріміздің екі палатасы аясындағы басқа да іс-шараларға белсенді қатыса алады», – деді Мәулен Әшімбаев.

Кездесу соңында Сенат Төрағасы достыққа негізделген қазақ-башқұрт қарым-қатынасы екі халықтың ортақ тарихи жетістігі және ортақ мүдделерді қамтитын бағыттардағы табысты серіктестіктің берік іргетасы екенін айтты.


Басты сөздер: Сенат, Ресей,
Жоғары қарай