Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Матрица: Шымкент қайтадан «қызыл», Жамбыл облысы «жасыл» аймаққа өтті

2021 жылдың 7 мамыр 2021 09:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрияцасы жарияланды.

7 мамырдағы мәлімет бойынша:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары тұр.

«Сары» аймақта: Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары орналасқан.

«Жасыл» аймақта: Жамбыл, Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары қалды.

Айта кетейік, кеше «қызыл» аймақтан «сарыға» өткен Шымкент қаласы бүгін қайтадан «қызыл» аймаққа өтті. Ал кеше «қызыл» аймақта болған Жамбыл облысы бүгін бірден «жасыл» аймаққа шықты.
Жоғары қарай