Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Матрица: Ақмола облысы «қызыл аймақтан» шығып «сары аймаққа» өтті

2021 жылдың 19 сәуір 2021 10:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2021 жылдың 19 сәуіріндегі жағдайы бойынша:

«Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр.

«Сары аймақта» Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары тұр.

«Жасыл аймақта» әзірге Қостанай мен Түркістан облыстары ғана.

Еске сала кетсек, 17 сәуірде Алматы облысы «қызыл аймақтан» «сары аймаққа» шыққан еді.



Жоғары қарай