Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Мәскеудегі Жеңіс парадына Қазақстан атынан 55 сарбаз қатысты

2020 жылдың 24 маусым 2020 17:03

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай Мәскеуде, Қызыл алаңда өткен әскери парадқа қатысып, «Белгісіз солдат» қабіріне гүл шоғын қойды.


















Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің бастамасымен Мемлекет басшылары және Үкімет жетекшілері деңгейінде өткен салтанатты шараға Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Молдова Президенті Игорь Додон, Сербия Президенті Александр Вучич, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, сербтерден Босния және Герцеговина Президиумының төрағасы Милорад Додик, сондай-ақ, бірқатар халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты.




























Салтанатты шеруде 13 мыңнан астам әскери қызметші, 216 әскери техника және әртүрлі 75 әскери ұшу аппараты сап түзеді.

Қызыл алаңнан 53 жаяу әскер колоннасы, ТМД елдері және басқа да шет мемлекеттердің қарулы күштерінен құралған 13 топ салтанатты түрде сап құрап өтті. Аталған шараға Қазақстан Республикасының атынан десанттық шабуылдаушы әскери бөлімінің 55 сарбазы қатысты.

















Еске сала кетейік, Мәскеуде Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына орай әскери шеру өтті. Оған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты.
Жоғары қарай