Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Мәскеуде Наурыз мейрамына орай салтанатты шара өтті

2019 жылдың 24 наурыз 2019 13:24

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Наурыз мейрамына орай Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі салтанатты шара ұйымдастырды. Оған республика достары - көрнекті ресейлік саясаткерлер, бизнесмендер, мәдениет, ғылым қайраткерлері, РФ жетекші БАҚ бас редакторлары, сонымен қатар Мәскеуде аккредиттелген шетелдік дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың басшылары келді. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА меншікті тілшісі сыртқы саяси мекеменің баспасөз қызметіне жасап хабарлайды.

Кештің ашылуында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов Наурыз Шығыста жыл басын білдіретін ежелгі мейрам екенін еске салды.

«Қазақстанның жақын достары осы күні бізді құттықтап, мерекені бірге атап өтуге келгеніне қуаныштымыз», - деді ол.


null

Мәртебелі меймандар ұлттық нақыштағы мәдени бағдарламаны тамашалады.

«Farab» би театры аққу мен Тұмар ханымның образдарын бейнелеп берді. Мәскеулік аудитория алдында «Астана опера» театрының жетекші солисі, ресейлік «Үлкен опера» жобасының жеңімпазы Салтанат Ахметова, опера әншілері Талғат Мұсабаева пен Юлия Савченко, халықаралық байқаулардың лауреаттары Станислав Савва мен Дарья Каминская, пианиношы Александр Страхов, «Алатау» фольклорлық ансамблі өнер көрсетті.

Көрермендер сондай-ақ еуропаны бағындырып үлгерген қазақстандық дизайнер Ирина Набоконың сән көрсетілімін тамашалады.




null Шараға келген қонақтар өз әсерімен бөлісіп, қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтап жатты.

Атақты шахматшы, әлем чемпионы Анатолий Карпов Астана мен Алматыдағы шахмат мектептерінің ашылуына көмектескенін айтып, соңғы кездері Қазақстан шахматында жарқын есімдер шығып келе жатқанын атап өтті. Ол Наурызды тұңғыш рет тойлап отырғанын айта келе, қазақстандықтарды осынау мерекемен құттықтады.

Танымал әнші әрі композитор Олег Газмановтың айтуынша, Наурыз достармен кездесуге жақсы мүмкіндік.

«Шынайы достар үшін уақыт та, қашықтық та кедергі бола алмайды. Бүгін мен концерттен үлкен әсер алдым. Қазақстанда таланттар өте көп», - деді музыкант.

Мерекелік шара жоғары деңгейде өтіп, қазақтың мәдениетімен қоса Ресей астанасына көктемгі жылулық, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Автор: Медет Ахметов

Басты сөздер: ҚР СІМ, Ресей, Наурыз мейрамы,
Жоғары қарай