Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 411.66
EUR 465.92
RUB 5.81
CNY 58.79

Мәскеуде автотұрақтағы атысқа қатысты 9 адам ұсталды

2020 жылдың 25 мамыр 2020 12:46

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Жексенбі күні Мәскеуде автотұрақта болған атыстан кейін 9 адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта жараланған адаммен бірге, барлығы тоғыз күдікті ұсталды. Әрқайсысының атысқа қатысы бар-жоғы анықталуда», - деді құқық қорғау органындағы дереккөз.

Оқиға 24 мамыр күні кешке «Ясный» тұрғын үй кешені жанындағы автотұрақ аумағында болды. Атыс ұйымдастырғандар бірнеше көлікпен жасырынып үлгерген. Оларды іздестіру үшін «Қолға түсіру» жоспары жарияланды.

Ұсталғандардың төртеуі – Орынбордан келген. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, жанжалға сегізден көп адам қатысқан. Алдын ала деректерге сәйкес, олар бір-біріне травматикалық тапаншадан және «Сайга», «Верь» аңшы мылтықтарынан оқ атқан. Аталған факті негізінде РФ Қылмыстық кодексінің үш бабы («Адам өлтіруге оқталу», «Заңсыз қару-жарақ айналымы», «Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.



Басты сөздер: Ресей, Әлем барысы,
Жоғары қарай