Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Мәскеу метросында ер адам граната жарам деп полицейлерді қорқытып отыр

2021 жылдың 24 ақпан 2021 23:28

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат - Мәскеу метрополитеніне қарасты «Славян бульвары» стансасында ер адам граната жарамын деп қорқытып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Славян бульвары» стансасында ер адам қолында граната бар екенін және оны жаратынын айтып, қорқытып отыр. Полиция қызметкерлері онымен келіссөз жүргізе бастады» деп мәлімдеді агенттіктің ақпарат көзі.

Бұған дейін пойыздан гранатаға ұқсас зат табылғаны хабарланған болатын.

Қазіргі уақытта стансаға кіріп-шығатын есіктер түгел жабық.

ТАСС ақпарат көзінің мәліметінше, кешкі 19:25 шамасында «Славян бульвары» стансасынан иесіз зат табылған.

«Полиция талабымен жолаушылар эвакуацияланды, стансаға кіріп-шығатын есіктер жабылды» деп мәлім етті ақпарат көзі.

Оның айтуынша, Мәскеу уақытымен сағат 19:00 кезінде «Киев» станциясын бетке алған пойыз «Славян бульвары» стансасында жолаушыларды түсірген, өйткені оның ең соңғы вагонынан гранатаға ұқсас зат табылған.


Перевод Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Оқиға, Ресей,
Жоғары қарай