Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маска тақпағандарға 80 мың теңгеге жуық айыппұл салынады

2020 жылдың 5 тамыз 2020 14:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда медициналық маска тағу міндетті екенін ескертеді. Маска тақпау 80 мың теңгеге жуық айыппұл салуға әкеп соғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтында жарияланғанындай, е лорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің бұйрығына сәйкес, үйден шыққанда медициналық маска тағу міндетті норма. Бұл аурудың алдын алу үшін жасалады. Құқық бұзушыларға 30 АЕК немесе 79 530 теңге айыппұл салынады. «Бірінші кезекте полиция алдын алу жұмыстарына көңіл бөледі. Адам көп жерлерде, саябақтарда, скверлерде, қоғамдық көліктерде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтарға маска тағуды ұсынамыз. Егер адам көп орындарда маска тақпаса әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бірінші кезекте біз тәртіп бұзушыларға қатысты алдын алу шараларын қолданамыз», - дейді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Данияр Оралов. Сондықтан, халықтың денсаулығын сақтау, коронавирус инфекциясының алдын алу және болдырмау үшін азаматтар медициналық маска тағуы керек, дейді ол.

Өз кезегінде, елорда тұрғындары арасында жүргізілген блиц-сауалнама көрсеткендей, респонденттердің көпшілігі маска қорғаныс ретінде қажет екеніне және оны жабық ғимарат ішінде кию керек екендігіне сенімді. «Меніңше, сыртта маска тағу қажет емес, өйткені таза ауа одан да маңызды. Иә, жабық ғимарат ішінде әлеуметтік қашықтық сақтау, маска тағу керек, бірақ көшеде міндетті емес», - дейді қала тұрғыны. «Мен жағалауда, адам көп емес жерде таза ауамен дем алу үшін масканы шешемін. Менде вирус болуы мүмкін ғой, сондықтан адамдар арасында маска тағып жүремін», - дейді тағы бір елорда тұрғыны.

Естеріңізге сала кетейік, жабық, қоғамдық орындарда, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, дүкендер мен дәріханаларда, медициналық мекемелерде маска тағу міндетті. «Маска тағу COVID-19 инфекциясының алдын алу үшін өте маңызды. Маска тағудың дұрыс тәртібін сақтау керек және әр екі сағат сайын ауыстыру қажет», - деп түсіндіреді терапевт Азиза Алданбаева.

Еске салайық, Қазақстанда карантин режимі 17 тамызға дейін ұзартылды.


Басты сөздер: Қоғам, Карантин, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай