Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

МӘСҚ Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандарды емдеуге 600 млн теңге бөлді

2020 жылдың 22 шілде 2020 18:31

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Түркістан облыстық филиалы коронавирус және пневмониямен ауырған науқастарды емдеуге 597,3 млн теңге бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кету керек, наурыз айымен салыстырғанда маусым айында республика бойынша жұмысқа тартылған төсек-күн саны - 8 есе, жұқпалы аурулар – 26 есе, Түркістан облысы бойынша төсек-күн саны - 24 есе, инфекциялық аурулар – 4 есе артқан.

Түркістан облысында провизорлық стационарлардағы төсек-күн саны наурыз айымен салыстырғанда маусым айында айтарлықтай өсті, яғни, наурыз айында 558-ден маусым айында 13 386 төсек-күнге дейін жеткен. Республика бойынша провизорлық стационарларда наурыз айындағы 21 мыңнан 100 мың төсек-күнге дейін өскен.

Төсек-күн төлеміне пациенттің стационарда орны, аурудың диагностикасы мен емі кіреді.

Қазақстандықтарға медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін қор шілде айында медициналық ұйымдарға тарифті көтерді.

Енді қор провизорлық стационарда әрбір төсек-күн - 21,9 мың теңге; тәулік бойы стационарда болу үшін – 32,2 мың теңге; науқасты анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде емдеу үшін – бір күнге 70 мың теңгеге жуық қаржы бөледі.

Медициналық сақтандыру қорында аталған қызметтерге тарифтің артуы қор жеткізушілерінің санын кеңейтуге, коронавирус пен пневмония бар науқастарды емдеуге жеке ауруханаларды белсенді тартуға және стационарлардағы медициналық көмектің сапасын ынталандыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта медициналық сақтандыру қоры 304 инфекциялық және провизорлық стационармен шарт жасасты. Оның ішінде, Түркістан облысы бойынша 30 инфекциялық және провизорлық стационар бар.

Covid-19 емдеуге тартылған стационарлардағы төсектердің толымдылығы күн сайынғы негізде мониторинг жүргізіледі. Бұл көрсеткіш жергілікті атқарушы органдар жұмысының индикаторы болып табылады. Өңірдегі төсек қорының 70 пайызы толған жағдайда резервтен қосымша төсек ашу бойынша шаралар қабылдануда.


Жоғары қарай