Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Машина жасайтын зауыттың қысқарған жұмысшылары арада бірнеше ай өткенде айлығын алды

2021 жылдың 24 қараша 2021 01:29

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов «Азия Авто» компаниясы қызметкерлерінің жалақы қарызы өтелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы «Азия Авто» компаниясына қатысты кризистік жағдайды шешу мақсатында мемлекеттік сектор және өнеркәсіптік компаниялармен бірлесе үшжақты комиссия отырысын өткізді.

«Жергілікті билік, өнеркәсіптік компаниялар мен кәсіподақ ұйымдарының ортақ әрекетінің арқасында мекеме қызметкерлері қысқа мерзімде жұмыспен қамтамасыз етілді. Бос орындар жәрмеңкесі және кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесулер өткізілді. Банк және «Азия Авто» басшылығымен өткен кеңес барысында кәсіпорын жұмысшыларының жалақы бойынша берешегі толық өтелді», - деді Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, бүгінде кәсіпорынның бұрынғы қызметкерлері «Қазмырыш», «ҮМЗ», «ТМК», «Кэмонт» сияқты ірі компанияларда, шағын және орта бизнесте жұмыс істеп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы 1 сәуірде «Азия Авто» және «Азия Авто Қазақстан» компанияларының дәнекерлеу мен көлік шанағын бояу міндеттемесін орындамағаны анықталды.

Осы жылдың қыркүйек айында «Азия Авто Қазақстан» компаниясы басшысының өліміне қатысты тергеу басталған еді.


Жоғары қарай