
Алимент төлеуден жалтарғандарды анықтауға «Сергек» жүйесі көмектеседі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылдан бастап алимент төлеуден жалтарғандардың көліктерін борышты өндіру үшін алып қоюға «Сергек» жүйесі көмектесетін болады. Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Алмат Мадалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу орталықтандырылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың 1-тоқсанында жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық акілерін тіркеу рәсімін орталықтандырылған форматқа көшіру жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Наталья Пан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық кеңестің тағы бір бастамасы мәре сызығына жетті – Ерлан Қарин
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің тағы бір бастамасы мәре сызығына жетті. Президент тиісті заңға қол қойғаннан кейін қазақстандықтар көлік жүргізуші куәлігін өзімен бірге алып жүруге міндетті болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әлеуметтік желілерде жаңа жобаларды іске қосты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «АntikorLive» -парасаттылық идеологиясын түсіндіруге және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған онлайн-алаң. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Серіктестік департаменті директорының орынбасары Перизат Сәдуақас айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Antikor ortalygy» –ашықтық мен айқындықтың көрсеткіші
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Antikor ortalygy» сервистік орталығы – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметінің ашықтығы мен айқындығының көрсеткіші. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Серіктестік департаменті директорының орынбасары Перизат Сәдуақас айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай