Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Марат Шоранов Алматыдағы медициналық мекемелердің жұмысымен танысты

2020 жылдың 21 қараша 2020 23:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Алматыға жұмыс сапарымен барды.

Алғашқы күні ол медициналық нысандардың қызметімен, «СК-Фармация» ЖШС қоймаларында қажетті дәрілік препараттардың болуын және жалпы өңірдің коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындығымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының базасында М.Шоранов медициналық ұйымдардың басшылығымен коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындық бойынша селекторлық режимде кеңес өткізді.

Медициналық қоғамдастық өкілдері Алматыдағы медициналық мекемелердің жұмыс істеу мәселелерін және негізгі проблемаларды талқылады.

Сондай-ақ, бірінші вице-министр қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының модульдік клиникасының қызметімен танысып, құрылған «СК-Фармация» ЖШС хабында болды.

«Денсаулық сақтау министрлігінің болжамына сәйкес, республиканың төрт қаласында – Нұр-сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкентте бірыңғай дистрибьютор хабтары құрылды, онда медициналық ұйымдардың өтінімдерінен тыс дәрілік препараттар мен жеке қорғану құралдарының қоры қалыптастырылды. Ол белгілі бір аймақта нақты позициялар бойынша аурудың өршуі жағдайында қолданылады. Дәрілік препараттар мен жеке қорғану құралдары қолданылған жағдайда, пайдаланылған көлем жедел толықтырылуы тиіс», - деп атап өтті М.Шоранов.

Бірінші вице-министр «AbdiIbrahimGlobalPharm» ЖШС зауытында болып, дәрілік заттар өндірісінің толық тізбегімен танысты.

Іссапардың бірінші күнінің қорытындысы бойынша медициналық ұйымдардың қызметіне баға беріліп, Алматы қаласының Денсаулық сақтау жүйесін одан әрі тиімді дамыту жөнінде тапсырмалар берілді


Жоғары қарай