Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Марат Оразаев АШМ аппаратының басшысы болып тағайындалды

2021 жылдың 22 қаңтар 2021 17:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Марат Оразаев министрлік аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марат Оразаев 1967 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған.

Алматы халық шаруашылығы институтын «инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы Қазақ экономика және агроөнеркәсіптік кешенді ұйымдастыру ҒЗИ-да экономист болып бастаған.

1993 жылдан 1999 жыл аралығында Қаржы министрлігінің құрылымында түрлі қызметтер атқарды.

1999 жылдан 2008 жыл аралығында — ҚР АШМ Қаржы департаменті директорының орынбасары, Бюджет департаментінің, Қаржылық қамтамасыз ету департаментінің директоры.

2008-2011 жж. — ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі.

2011-2013 жж. — ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары, инспекторы.

2013-2015 ж. — ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары.

2015 жылдан 2019 жыл аралығында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2019 жылдан 2021 жыл аралығында ҚР АШМ жауапты хатшысы қызметін атқарды.


Басты сөздер: ҚР АШМ, Тағайындау,
Жоғары қарай