Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Марат Қоғамов: Қоғамдық бақылаудың нақты шет-шегін айқындап алу керек

2020 жылдың 23 қыркүйек 2020 19:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрлігі қоғамдық кеңесінің төрағасы Марат Қоғамов тың заң жобасын әзірлеу кезінде қоғамдық бақылаудың шет-шегін айқындап алу керектігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғамдық бақылау мәселелері бойынша элементтері бар заңнамалық актілерді зерттей отырып, олардың әртүрлі сипаты барына көзім жетіп отыр. Мен халықаралық тәжірибені, оның ішінде Ресей Федерациясының заңнамасын жіті зерттедім. Субъекттер мен объектілерді, қоғамдық бақылау формаларын айқындау – өте маңызды мәселелердің бірі деп айтар едім. Журналистік зерттеу мәселелеріне жеке тоқталу керек. Мемлекеттік органдарға қоғамдық бақылау субъектілерінен басын ала қашуға мүмкіндік бермейтін шараларды заң аясында қарастыру қажет», - деді Марат Қоғамов «Қоғамдық бақылау: мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тетіктері және заңнамалық бекіту» тақырыбында өткен онлайн дөңгелек үстелде.

Оның айтуынша тың заң жобасын әзірлеу кезінде қоғамдық бақылаудың шет-шегін нақты бекітіп алу керек.

Айта кетсек Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Президент Жолдауын талқылау бойынша «Қоғамдық бақылау: мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тетіктері және заңнамалық бекіту» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, орталық және жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестердің мүшелері және мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.


Жоғары қарай