Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Маңызды ақпарат

2020 жылдың 28 наурыз 2020 21:46

Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын таратпау мақсатында облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Садымановтың қаулысымен аймақта мынадай шектеу шаралары енгізілді:
Халықтың қозғалысына, сонымен, қатар қоғамдық көліктің қозғалысына 2020 жылдың 30 наурызынан 19.00 ден 08.00 сағатқа дейін эпидемияға қарсы режим бойынша шектеу қойылды.
Тұрғындардың өз пәтелерінен шығуына шектеу қойылады ( тек ерекше қажеттілік болғанда ғана -дүкенге, дәріханаға, қоқыс төгуге және жұмысқа баруға рұқсат етіледі). Көршілердің, туыстардың, әріптестер және т.б бір-біріне баруы шектелсін.
Азаматтардың қоғамдық орындарға: саябақтар, алаңдар, балалар және спорт алаңқайлары және т.б. баруына шектеу қойылсын.
Әуе және темір жол, автовокзалдарға шығарып салушылар мен күтіп алушылардың кіруіне шектеу қойылсын.
Облыстық ақпараттық қызмет


Басты сөздер:
Жоғары қарай