Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстаулық зергердің бұйымдары Ресей мен Украинада сұранысқа ие

2020 жылдың 29 қараша 2020 16:33

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жастайынан қолөнер бұйымдарына қызығып өскен маңғыстаулық зергер Нұрсейіт Өркен бүгінде түрлі бұйымдар жасаумен айналысады.

Ол өткен жылы «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2,5 млн теңге көлемінде грант ұтып алған.




Қаражатқа құрал-жабдық сатып алып, зергерлік бұйымдар жасайды.

«Мектепте оқып жүрген кезден бастап ағаш пен ермексаздан мүсін жасауды ұнаттым. Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәнді-қолданбалы өнер колледжіне түсіп, көркемдеп металл өңдеуші мамандығын және Абай атындағы институтта бейнелеу өнері және сурет салу факультетінде оқып бітірдім. Оқуымды аяқтаған соң Алматы қаласында кішігірім цехта зергердің көмекшісі болып жұмыс жасадым. 2018 жылы Ақтау қаласында зергер-жөндеуші, сәнгер-дизайнер болып қызмет атқардым»,- дейді жас кәсіпкер.

Нұрсейіт Өркен әртүрлі металлдан сырға, сақина, алқа, монеталар жасайды.

Жас кәсіпкердің айтуынша, Ресей, Украина еліндегі зергерлердің тапсырысы бойынша 3D модельде жасаған жұмыстары да бар.














Жоғары қарай