Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстаулық көпбалалы келіншек күніне 2 мың кір сабын жасайды

2020 жылдың 23 қазан 2020 02:10

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаулық келіншек кішігірім цехта күніне 2 мыңға жуық кір сабын жасап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 29 жастағы көпбалалы ана Гүлзия Қойлығұлова Маңғыстау-1 ауылының тұрғыны. Ол Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының Бизнес идеяны іске асыру бағыты бойынша оқуға қатысады. Басында Гүлзия балаларға арналған аттракцион ашуды жоспарлаған. Алайда, оқу барысында маркетингілік талдау, сұраныс деген ұғымдарды үйреніп, ойын өзгертеді. Нарықты зерттей отырып, сұранысқа ие кір сабын жасау бизнесіне тоқталған.

Қажетті құрал-жабдықтарын алып, сабынды шығаратын және кесетін құрылғыларын сатып алады. Бүгінде Гүлзия Атамекен ауылында орналасқан кішігірім цехта күніне 2 мыңға жуық сабын шығарып отыр. Дайын өнімдерін ауданның орталық базарына, қала супермаркеттеріне жеткізеді.

«Менің бір айдағы таза табысым 100 мың теңгеге дейін жетеді. Ендігі жоспар - кір сабынды кептіретін және сыртын қаптап шығаратын құрылғыларды алу. «Бастау Бизнес» жобасы арқылы осындай ерекше кәсіптің ашылуына септігін тигізгеніне риза боламын. Білікті мамандарымыздың кәсіптің негіздеріне үйретіп, бағыт бергені қуантады»,- деді Гүлзия Қойлығұлова.



















Жоғары қарай