Ауа райы
Астана -28 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстаулық кәсіпкер ешкі сүтінен табиғи өнімдер дайындайды

2020 жылдың 29 қараша 2020 03:38

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Кәсібін екі ешкімен бастаған маңғыстаулық Роза Бимұхамбетова ешкі сүтінен табиғи өнімдер дайындайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарақия ауданында кәсібін 2 ешкімен бастап, бүгінде 100-ге жеткізген Роза ешкі сүтінен табиғи өнімдер дайындайды. Жақында кәсібін өркендету мақсатында әлеуметтік жобаға қатысып, грант жеңіп алды.

Ауыл әйелдерінің ауылдағы өмір сапасын арттыру бағытында онлайн түрде III аеспубликалық форумға қатысып, жеңімпаз атанды. Ол ешкі сүтінен мәйек ұйытып қайнату әдісімен құрт, сары май, ірімшік секілді табиғи өнімдер әзірлейді.

«Ешкі шаруашылығы - мал шаруашылығының бір саласы. Осы саланы қолға алғаныма 3 жыл болды. Ешкі өнімдерін дайындауды әрі қарай дамыту мақсатында әлеуметтік жобасына қатысып, жеңімпаздардың бірі болдым. Осы жоба арқылы берілетін қаражатты кәсібіміздің ауқымын кеңейту үшін қажетті негізгі техникаларды сатып алуды ойлап отырмын» - деді ол.





Жоғары қарай