Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Маңғыстаулық 3 спортшы джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

2019 жылдың 24 қазан 2019 20:08

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаулық үш спортшы джиу джитсудан әлем чемпионы атанды. Украинада өткен әлемдік бәсекеде Азамат Абаев, Әбубәкір Жәнібеков және Әлия Тілепова «алтын» алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Джиу джитсудың «комбат» системасы бойынша өткен біріншілікке 17 елден 300-ге тарта спортшы қатысқан.

Тәжірибелі спортшы Әбубәкір Жәнібеков үшін бұл чемпионатта топ жару аса қиын болмаған. Өйткені, бұған дейін алты рет әлемдік бәсекеге қатысып оның барлығында күміс пен қоланың биігін бағындырған. Енді міне жүлделерінің қатарын алтынмен толықтырды. Ол жарыс барысында бес белдесу өткізіп, қарсыластарының барлығына мүмкіндік қалдырмаған.

«Бірінші кездесуім Панама спортшысымен, екінші кездесу Иран спортшысы, үшіншісі өзбек балуаны болды, төртінші қазақ балуан, финалда да қазақ спортшымен шықтым 7-5 ұпайымен жеңіске жеттім»,-дейді Әбубәкір Жәнібеков.

Маңғыстау құрамасы сапында жарысқа қатысқан жалғыз қыз – Әлия Тілепова. Әлия Азия чемпионы, екі мәрте әлемдік сынның қола медалін иеленген. Бірақ бұл чемпионат Әлия үшін оңай болмаған.

«Финалда украина қызымен кездестім. 5-4 болып ұтылып жатқан кезде соңғы секундтарда ұтып кеттім»,-дейді Әлия Тілепова.

Ал, Азамат Абаев әлем чемпионатынан алғаш рет жүлде алды. Өткен жылғы чемпионат ол үшін сәтсіз өткен болатын. Биыл бапкер қойған межені орындап шықты. 94 келіде сынға түскен Азамат чемпионатта Польша, Украина, Латвия спортшыларын жеңіп , финалда Қазақстан құрамасының тағы бір өкілімен кездескен. Осылайша ол бапкері мен жанкүйерлері артқан сенімнің үдесінен шықты.




Автор Ләйлім Әлім
Басты сөздер: Спорт, Маңғыстау облысы,
Жоғары қарай