Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстауға Ресейден 100 түрлі дәрі-дәрмек келеді

2020 жылдың 22 шілде 2020 18:48

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысына Ресейден дәрінің 100-ден аса түрі жеткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ринат Кубатаев мәлімдеді.

Маңғыстау облысының әкімдігі көтерме сауда фирмаларының өкілдерімен, «Провизорлар мен фармацевтер қауымдастығы» ҚБ, кәсіпкерлермен мәжіліс өткізіп, онда өңірлік кәсіпкерлер тарапынан «ФАИЗ-2016» ЖШС және «Pharma плюс» ЖШС-не демеушілік көмек көрсету және дәрі-дәрмек сатып алу барысында қаржы бөлу туралы шешім қабылдады.

Аталған серіктестіктің Ресей Федерациясынан дәрі-дәрмек жеткізу бойынша келісімшарты бар. Маңғыстау облысының әкімдігі осы мәселені шешу үшін хат дайындады.

Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында, сонымен қатар халықты дәрімен қамту үшін дәрі-дәрмекті бір мәрте кіргізу рәсімделеді.

Өңірге мынадай препараттар әкелінеді:

- Азитромицин, левофлоксацин, цефазолин, цефтриаксон антибиотиктері;

- ингавирин, римантадин, анаферон, тамифлю, арбидол вирусқа қарсы дәрілері;

- АВҚД: найз,ибупрофен, новиган, нимесилуд, ибуфен, парацетамол, аспирин, анальгин, цитрамон, терафлю, тайлол, фервек, максигрипин;

- клексан, фраксипарин, ксарелто - аз мөлшердегі антикоагулянттар;

- дексаметазон - ВҚД аз мөлшердегі стероид.

Көтерме саудамен айналысатын фирмаларға түскен дәрі-дәрмек әр тұрғынға жетуі үшін облыстың аудан-қалаларындағы дәріханаларға тең мөлшерде бөлінуде. Бүгінгі таңда дәрі-дәрмекпен қамту ісі түзеліп келеді.

КВИ бойынша ахуалдың өршуіне және карантин шараларының енгізілуіне байланысты департамент қызметкерлері лицензиялық бақылау бойынша тексерісті онлайн жүргізуде. БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы осы саладағы қызмет бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. .

Сонымен бірге департамент күн сайын барлық фармацевтикалық қызмет объектілері мен субъектілеріне телефон арқылы хабарласып, қаладағы дәріханалар мен қоймаларда дәрі-дәрмектің бар-жоғын анықтап отырады.


Жоғары қарай