Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 млн теңгеге тегін мал азығы әкелінеді

2021 жылдың 21 қыркүйек 2021 12:21

МАҢҒЫСТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының әкімдігі мен «Олжа Агро» ЖШС-гі арасында мал азығын тегін жеткізу бойынша меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысында қуаңшылықтан қиналған шаруаларға көмек беру шаралары жалғасуда. Облыс әкімдігімен келісім аясында «Олжа Агро» ЖШС Маңғыстау облысына құрғақшылықтан зардап шеккен мал иелеріне көмек ретінде жалпы құны 32 миллион теңге болатын 250 тонна шөп және 180 тонна жем жеткізеді.




Сонымен қатар, қол қойылған меморандум аясында «Олжа Агро» ЖШС өңірге мал азығын нарықтағыдан төмен бағамен жеткізетін болады.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев тұрғындар арасында жем-шөпті жеткізу мен бөлудің ашық тетігін ұйымдастыру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Бұл жұмысқа жергілікті атқарушы органның атынан облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов жауапты болып, меморандумға қол қойды. «Олжа Агро» ЖШС тарапынан компанияның бас директоры Айдарбек Ходжаназаров қол қойды.





Жоғары қарай