Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Маңғыстауға әскери дәрігерлер келді

2020 жылдың 16 шілде 2020 11:51

АҚТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің тапсырмасына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі коронавирусқа қарсы күресті күшейту үшін медицина мамандарын алдыртып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өңірлік қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Науқастарды емдеуге 12 әскери дәрігер жұмылдырылады. Оның 10-ы бүгін Шығыс Қазақстан облысынан келді. Бұл мамандардың алтауы Семейден және төртеуі Өскемен қаласынан. Ал, екеуі Ақтаудағы 25744 әскери бөлімінің дәрігері.

Сонымен қатар, бүгін өңірге Ақтөбе қаласындағы медицина университетін бітірген 10 жас маман келді. 18 шілде күні тағы 6 дәрігер жұмыстарын бастайды. Бұған дейін сол университетті тәмамдаған 5 маман Ақтауға барған еді. Тағы 5 дәрігер қазіргі уақытта Ақтөбеде жұмыс істеп жатыр, тамыз айында олар Ақтауға келеді.

Жалпы, Маңғыстауға 26 жас маманның келуі күтілуде. Оның 15-і интернатураны, 7-і резидентура бітірген дәрігерлер. 4 ақтөбелік маман Маңғыстауда тұрақты түрде еңбек етуге ниетті.








Жоғары қарай