Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Маңғыстаудағы шағын қалашықта кинотеатр ашылады

2019 жылдың 7 желтоқсан 2019 22:42

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында кинотеатрдың құрылысы қарқынды жүруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала орталығындағы бұрынғы «Жұмыспен қамту орталығы» ғимараты ішінен «Жалын» кинотеатрлар желісі жақын арада халықтың игілігіне беріледі.

Бұл облыс көлемінде аудандар арасында алғаш ашылатын кинотеатр болмақ. Жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жүзеге асуда. Ол аз уақыт ішінде тұсауын кесіп, 8 мыңға жуық тұрғыны бар шағын қаланың тұрғындарын қуантпақ және жалпы аудан көрермендеріне тарту жасамақ. Кинотеатрда 150-160 орындық болады.

«Құрылыс кезінде 10 адам, құрылыс бітіп, ашылған соң 10 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр. Ішкі залында металл құрастыру жұмыстары бітсе, ертең ағаштармен қаптау, қабырғаларын сәндеу жұмыстары жүреді. Орындықтары сәнді, заманауи техникалар орнатылады. 16 желтоқсанда сынақтан өткізіп, жылдың аяғына дейін бітіруді жоспарлап отырмыз», - деді аудан әкімі Айдос Хамиев.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Москва, тіпті Нью-Йорктың кинотеатрларында көрсетіліп жатқан алғашқы көрсетілімдер жіберілмек. Сонымен қатар, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде кино көрсету де жоспарда бар.

Сондай-ақ, болашақта кинофестивальдер өткізіп, елімізге танымал қонақтарды шақыру көзделіп отыр.

Форт-Шевченко қаласында бұрын 1999 жылға дейін «Зарья» кинотеатры жұмыс істеген.

Жоғары қарай