Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстаудағы ауыл мектебіндегі жылыжайда пальма ағашы, қияр мен тәтті бұрыш өседі

2020 жылдың 29 қыркүйек 2020 14:14

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстаудағы Өтес орта мектебіндегі жылыжайда 74 түрлі тропикалық өсімдік бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жылыжайда пальма ағашы, қияр мен тәтті бұрыш өседі.

Қоғамдық коммуникация орталығының мәліметінше, карантинге дейін мұнда өскен қияр мен тәтті болгар бұрышын асханада оқушыларға берілетін тағамдарға пайдаланған.

«Маңғыстауда өспейтін тропикалық өсімдіктердің түр-түрі осы жылыжайдан кездеседі. Бұлардың пайдасы лас ауаны сорып, оттегі бөліп шығарады. Мұндағы тәтті болгар бұрышы да, ерекше гүлдер де, тропикалық елде өсетін пальма ағашын Маңғыстаудан көрудің өзі қызық. Өсімдіктерді баптап оларға күтім жасауға, шәкірттеріне құнды ақпарат беріп, құпиясын ашуға тәрбиелеген мектеп ұстаздарының еңбегі ерен. Түрлі гүлдерді өсіру арқылы ауыл балаларының экология мәдениетін қалыптастыруға тигізер септігі мол», - деді Сайөтес орта мектебі директорының міндетін атқарушы Гүлсім Нәдірова.

Жылыжай 2007 жылы мектеп жанынан ашылған. Оны мектептің мұғалімі мен оқушылары тамшылатып суару әдісі арқылы баптап, күтеді. Оқушылар жылыжай ішінде түрлі ғылыми жұмыс жүргізеді.














Жоғары қарай