Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстауда жол сапасын жақсартуға бес жылда 56,5 млрд теңге бөлінеді

2021 жылдың 5 қазан 2021 10:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылға дейін Маңғыстау облысында 791 шақырым жолды қайта жаңарту көзделіп отыр. Ол үшін 56,5 млрд теңге жұмсалмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында осындай дерек келтірді.

«2025 жылға дейін өңірді дамытудың кешенді жоспары шеңберінде ұзындығы 791 шақырымдық жергілікті жол қайта жаңартылып, өңірде орындалған жұмыстар есебінен жергілікті маңызы бар жолдардың нормативтік жай-күйінің көрсеткіші 100% жетеді. Аталған шараларға 56,5 млрд теңге бөлу жоспарланған», - деді министр.

Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысының Ақтау және Құрық порты негізінде контейнерлік хаб құру және Қытайдан келетін жүктің бір бөлігін тарту бойынша тапсырма бергенін еске салды.

«Бұл тапсырма өңірді дамытудың кешенді жоспарына енгізілген. Қазіргі уақытта контейнерлер ағынын құру, оның ішінде контейнерлік терминал, вагондық жүктер мен ауыл шаруашылығы өнімдерін контейнерлерге «қайта тиеу» жөніндегі кешен салу, тиеу техникасын жаңарту мәселесін пысықтап жатырмыз. Жобаны іске асыру нәтижесінде 2025 жылға қарай контейнер ағынының 2,5 есе өсімі көзделген», - деді ведомство басшысы.


Жоғары қарай