Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 448.52
EUR 490.32
RUB 5.69
CNY 63.23

Маңғыстауда түйенің күл ауруына қарсы жаңа вакцина сынақтан өткізілуде

2020 жылдың 19 ақпан 2020 02:29

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда түйенің күл ауруына қарсы жаңа вакцина сынақтан өткізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда және Кеден одағына мүше-елдерде түйенің күл ауруына қарсы вакцина шығарылмайды.

Осы жағдайды ескерген, ҚР Білім және ғылым министрлігі Биологиялық қауіпсіздік мәселелерін ғылыми зерттеу институтының ғалымдары ауруға қарсы жаңа вакцинаны жасап шығарды. Осы жылдың ақпан айынан бастап ғалымдар Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы шаруашылықтарында жаңа вакцинаны өндіріске енгізу алдындағы сынақ жұмыстарын жүргізуде.

«Осы уақытқа дейін 110 түйеге вакцина салынды, бұл Бейнеудегі 3 шаруа қожалығының малдары. Әзірше, оның кері әсері байқалған жоқ. Ғалымдар зертханаға тексеруге алып кетті. Нәтижесін күтудеміз. Егер қорытынды жақсы болса, қолданысқа енгізіледі»,-дейді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Шамғали Хамиев.


Жоғары қарай