Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Маңғыстауда шенеуніктер заңсыз жер сатқан

2019 жылдың 1 қазан 2019 22:41

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Мұнайлы және Түпқараған ауданының бірқатар шенеуніктері заңсыз жер сатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен отырыста айтылды.

Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылының бұрынғы әкімі және орынбасары, сәулет құрылысы бөлімінің басшысына қатысты мемлекеттік жер телімдерін заңсыз иелену аясында 8 қылмыстық іс қозғалып, нәтижесінде аталған тұлғалар айыпталды.

Сонымен қатар, Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылының бұрынғы әкімі және жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметтерін асыра пайдаланып, 180 жер телімін заңсыз сатып, мемлекеттке 1,5 млрд теңге шығын әкелген.

Түпқараған ауданы сотының үкімімен аталған тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 1-бөлігі және 369-бабының 1-бөлігімен айыпты деп танылды.

Жоғары қарай