Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстауда өгей баласын өлтірген әйелге қатысты сот басталды

2018 жылдың 29 наурыз 2018 19:34

АҚТАУ. ҚазАқпарат - 16 жастағы өгей баласын аса қатыгездікпен пышақтап өлтірген әйелдің ісіне қатысты сот процесі басталды. Іс Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралуда, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған дейін азаматша С.-ға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 14-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп, сотқа жолданған болатын.

Алғашқы сот тыңдауында айыпталушыдан, жәбірленушінің өкілдерінен, сот-медицина сарапшысынан жауап алынды. Мәжіліс залында істегі жазбаша дәлелдемелер зерттелді.

«Сотталушы өзіне қатысты қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қараудан бас тартып отыр. Келесі сот отырысы ағымдағы жылдың 6 сәуірі күні, сағат 10.00-де жалғасады»,- деді облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Гауxар Нұрxанова.

Еске сала кетсек, сотқа дейінгі тергеу органдары сотталушы С.-ны Бейнеу ауданында өз үйінде кәмелетке толмаған өгей баласын өлтірді деген айып тақты. Қатыгез әйел 16 жастағы Нұрсұлтанды 20 жерінен пышақтаған. Бұл оқиға Маңғыстау xалқын дүр сілкіндірген болатын.

Марқұм Нұрсұлтан туған әкесімен, өгей шешесімен және бауырларымен тұрған.

Куәгерлердің айтуынша, марқұм осыған дейін өгей шешесінен зорлық-зомбылық көріп келген. Бұған шыдамаған бала әйелге сөз қайтара бастаған. Айуандықпен қаза тапқан баланың туған анасы әділ үкім шығарылуын күтеді. Ал, әкесі әйелінің жазасын жеңілдетуді сұрады. Себебі, ортақ некеде балалары бар екенін айтады.

Жоғары қарай