Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Маңғыстауда мемлекеттік қызметтегі бос орындар саны азайды

2020 жылдың 13 ақпан 2020 17:21

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Өңірде мемлекеттік қызметтен өз бетімен кеткендер саны төмендеп, ауыл әкімдіктерінде кадр тапшылығы жойылған. Бұл туралы аумақтық департамент басшысы Нұргүл Жанназарова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үш жыл бұрын мемлекеттік қызметшілерге еңбек ақы төлеудің жаңа факторлы-балдық шкаласы енгізілгелі салада оң өзгерістер байқалған.

Спикердің мәліметінше, Маңғыстаудың еңбек нарығында мемлекеттік қызметтің бәсекелестік қабілеті артты (мысалы, жеке сектордан мемлекеттік қызметке орналасқандар саны 6 есеге артқан. Маңғыстау әкімдігінде бос орындар саны 7,5%-ға дейін азайды (2017 жылы – 11,8 %(159 бірлік), 2019 жылы 4,3% (58 бірлік).

«Маңғыстауда ауыл әкімдіктерінде кадр тапшылығы жойылған (2017 жылы ауыл әкімдіктеріндегі бос орындар саны 28-ден (штат санының 12,6%-ы) 2019 жылдың қорытындысы бойынша 6 орынға дейін (2,7%) азайды. Мемлекеттік қызметке маңғыстаулықтардың қызығушылығы артқан (бір орынға үміткерлер саны 2017 жылы 0,9 адам, 2018 жылы 2,6 адам, 2019 жылы 2,9 адам). Мемлекеттік қызметшілер еңбегінің тиімділігі артуы байқалады. Маңғыстау әкімдігінде біліктілігі жоғары мамандар қатары көбейді («Болашақ» бағдарламасы мен Мемлекеттік басқару академиясының түлектері 3-тен 7 адамға дейін өскен»,- дейді Нұргүл Жанназарова.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері республика бойынша үздіктер қатарында топ жарды. 2019 жылы республика бойынша ең үздік деп табылған 10 мемлекеттік қызметшінің екеуі маңғыстаулық болды.


Жоғары қарай