Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстауда кинотеатрлар мен спорт залдары жұмысын қайта бастайды

2020 жылдың 22 қазан 2020 11:54

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында 23 қазанда сағат 00:00-ден бастап карантин талаптары жеңілдейді. Бұл туралы 21 қазанда облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысы шықты, де хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдің коммуникация орталығы таратқан мәліметке сәйкес, енді Маңғыстаудағы сауда үйлеріне, сауда ойын-сауық орталықтарына және жабық базарларға сенбі күндері 17:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді. Алайда, жексенбі күні жұмыс істемейді.

Сондай-ақ, спорт залдарына қашықтықты сақтап, бетперде режимін ұстанып толымдылығы 30% - дан аспайтын адаммен өз қызметін жандандыруға рұқсат берілді.

Бұдан бөлек, осы қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, 26 қазаннан бастап кинотеатрлар ашылады. Ол жұмыс күндері (1-5 күндері) сағат 22:00 ге дейін, сенбі күні 17:00 - ге дейін жұмыс істеуге рұқсат. Ал, жексенбі күні жұмысын тоқтатады.

Маңғыстауда әлі де балабақшалар (кезекші топтардан бөлек) бильярд, компьютер клубтары, ойын-сауық мекемелері мен банкет залдары және түнгі клубтардың жұмыс істеуіне тыйым салынған.


Жоғары қарай