Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстауда екі айда бюджетке 90 млрд теңгеге жуық қаржы аударылды

2021 жылдың 2 наурыз 2021 14:58

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда екі айда бюджетке 90 млрд теңгеге жуық қаржы аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстың Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жылдың алғашқы екі айындағы жұмыс қорытындысына сәйкес, мемлекеттік бюджетке түсімдер жоспарын орындау бойынша болжамдық тапсырма орындалды. Нәтижесінде мемлекет қазынасына 84,9 млрд. теңгеден астам қаржы аударылды.

«Салық және кеден қызметінің негізгі функцияларының бірі - мемлекеттік қазынаны толтыру. Маңғыстау облысының фискалдық органы бұл міндетті сәтті орындауда. Сонымен, 2021 жылғы қаңтар-ақпан айларының қорытындылары бойынша шоғырландырылған бюджетке 89,4 млрд.теңге сомасында салықтар мен төлемдердің түсуі қамтамасыз етілді (оның ішінде: Ұлттық қорға - 42,1 млрд; республикалық және жергілікті бюджетке - 47,2 млрд.) - деп атап өтті МКД талдау және тәуекелдер Басқармасының басшысы Гүлшара Ахметова.


Жоғары қарай