Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстауда бірқатар кадрлық тағайындаулар болды

2020 жылдың 16 қыркүйек 2020 18:57

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың өкімімен Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы лауазымына Айдын Хадиев, сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметіне Фарида Оразова тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айдын Хадиев Маңғыстау облысында туған. Білімі жоғары. Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін инженер-технолог мамандығы және Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін экономика және бизнес бакалавры мамандығы бойынша жоғары білім алған.





Еңбек жолын Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының сауда жөніндегі бас маманының міндетін уақытша атқарушы болып бастаған. Содан кейін, облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының сауда жөніндегі бас маманы, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының өнеркәсіпті келешекті дамыту жөніндегі бас маманы, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының халықаралық сапа стандарты бөлімінің бастығы, «Каспий» ӘКК»» ҰК» АҚ инвестициялық жобалар департаментінің жетекші менеджері, Маңғыстау облысы әкімі аппараты ұйымдық-инспекторлық бөлімнің бас инспекторы, облыс әкімі аппаратының аумақтық даму және ұйымдастыру жұмысы бөлімнің бас инспекторы, Ақтау қаласы әкімінің аппарат басшысы, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы, Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы қызметтерін атқарған.

Фарида Орысбайқызы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. Ш. Есенов атындағы Ақтау университетін экономика мамандығы бойынша тәмамдаған.





Еңбек жолын «Қаражанбасмұнай» АҚ тауар маманы қызметінен бастаған.

Маңғыстау облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің мүлікті басқару бөлімінің бас маманы, облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бақылау бөлімінің бас маманы, Ақтау қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасының консультанты, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының ұйымдық-бақылау бөлімінің бас маманы, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының кадр жұмыстары бөлімінің меңгерушісі, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім бастығы, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының аумақтық даму және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.


Жоғары қарай