Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстауда ауыл тұрғындары тамшылатып суару әдісін қолға алды

2020 жылдың 26 қазан 2020 14:35

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауылының тұрғыны тамшылатып суару әдісі арқылы ауыл келбетін көркейтіп, жасыл-желекті көбейтуге үлес қосып жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бейнеу ауданындағы «Жайдарлы» үкіметтік емес ұйымның төрайымы Набия Айлашова ауыл ішін көгалдандыру аясындағы жобаны жеңіп алған. «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы «Маңғыстаудағы ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру» жобасын ұйымдастырған болатын. Осы жоба аясында 500 000 теңге грант жеңіп алдық. Қазіргі уақытта қажетті құрал-жабдықтар, құбырлар мен материалдар алынып, орталық саябақтағы ағаштарды тамшылатып суару әдісі іске қосылды.





Осылайша, аудандағы орталық саябақты күтіп- баптау жұмыстарын қолға алдық», - дейді Набия Айлашова. Бүгінде олар саябақтағы 500 ағашты тамшылатып суару әдісі арқылы баптап отыр. Мұнда жиде, ақтерек, қаратал және тораңғыл ағаштары өседі.

«Біздің өңіріміздің табиғаты шөлді және шөлейтті. Оның үстіне Маңығстау табиғи ауыз су қоры жоқ жалғыз өңір. Бүгінде жер игеруде ең күрделі мәселенің бірі осы жерлерді пайдаға асыру. Ауданымызда жасыл-желекті көбейту мақсатында біршама жұмыс қолға алынды. Енді солардың әрі қарай жайқалып өсуіне жағдай жасауымыз керек. Осы мақсатта орталықтағы ағаштарды күтіп, баптауда тамышылатып суару әдісі ең оңтайлы шешім деп ойлаймын», - деген пікірін білдіреді үкіметтік емес ұйымның төрайымы.








Жоғары қарай