Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстауда 4 млн теңге жоғалтқан жолаушы ақшасын тапты

2020 жылдың 2 желтоқсан 2020 23:41

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда 4 млн теңге жоғалтқан жолаушы ақшасын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Асқар Жолананов есімді азамат Шымкент қаласындағы үйін сатып, бір бума ақшасымен «Алматы-Маңғыстау» пойызына мініп, жолға шығады. Қолындағы қаражаттың 50 пайызына Ақтау қаласынан баспана сатып алуды және 50 пайызын ауырып жүрген баламды емдету керек болған. Асқар таңда пойыздан түскен бойда сөмкелерін перронға жинап қойған. Кейін көлікке салу барысында бір сөмкемнің жоқтығын байқапты. Жоғалған сөмкенің ішінде сатқан үйімнің ақшасы 4 000 000 теңге және керекті құжаттары бар.




Өзі сөмкені іздеп таба алмаған соң бірден Маңғыстау станциясындағы Желілік полиция бөліміне келіп, ақшасымен бірге жоғалғанын айтып арыз қалдырған.

«Маңғыстау станциясындағы Желілік полиция бөлімінің жедел уәкілдері жедел іздестіру кезінде жоғалған сөмкемді және 4 000 000 теңгесімен бірге құжаттарымды тауып берді. Күн-түндемей белсенділік танытқан Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімінің ұжымына алғысымды білдіремін» ,- дед» ол.


Автор Қаракөз Марат
Басты сөздер: Оқиға, Маңғыстау облысы,
Жоғары қарай