Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстауда 245 кәсіпорын Ashyq жобасына қосылды

2021 жылдың 14 мамыр 2021 14:15

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында 245 кәсіпорын Аshyq жобасы аясында жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде 199 нысан - ресми, ал 46 - тест режимінде ашылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Жанна Тоқбаева мәлім етті.

«Біздің басты міндетіміз кәсіпкерлерді қолдау. Қазіргі уақытта пилоттық жобаға бірнеше кәсіпкерлік субьектілері енгізілді. Оның ішінде 199 кәсіпкерлік нысан тесттік режимнен өтті. Бұл кәсіпкерлердің тізімі облыс әкімдігінің ресми сайтында бар. Сондай-ақ бұл тізім қала, аудан әкімдіктерінің ресми парақшаларына орналастырылды», - деді Жанна Тоқбаева.

Баспасөз конференциясына Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Аққу Айтжан қатысты.

Оның айтуынша, өңірде осы күнге дейін Аshyq қосымшасы арқылы QR-кодты 34 485 адам сканерден өткізген.

Оның ішінде 26341 келуші қоғамдық тамақтану орталықтарында тіркелді.

«Жаңа жоба өңірде қоғамдық тамақтану объектілері, боулинг, қонақ үйлер, кинотеатрлар, компьютерлік клубтар, сауналар, СПА-орталықтар, театрлар, фитнес-орталықтар мен турагенттіктер бойынша 10 салада жұмыс істейді», - деді Аққу Айтжанова.


Жоғары қарай