Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстауда 18 мас жүргізуші ұсталды

2020 жылдың 27 қараша 2020 12:15

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда 4 күнде мас күйінде көлік жүргізген 17 жүргізуші ұсталды. Оның біреуі жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан екінші рет рөлге отырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаевтың айтуынша, өңірде мас күйінде көлік жүргізген жүргізушілер жол-көлік оқиғасына себепкер болуда. Мәселен, Ақтау қаласында патрульдік полиция 21-24 қараша аралығында 681 әкімшілік хаттама толтырды

«Көлікті мас күйінде жүргізген 18 жүргізушінің материалы мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберіледі. 125-тен астам жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған. 8 жүргізуші жолдың қарама-қарсы бөлігіне шығып кеткен. Ал, тыйым салынған жерден өткен жаяу жүргіншілерге 105 әкімшілік хаттама толтырылған. Күн сайын Ақтау қаласының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ауысымға түседі. Бірінші кезекте оларға табельдік қару мен арнайы құралдар беріледі. Осыдан кейін жеке құрамға қосылып, арнайы бекеттерге барады.», - деді Ж. Бақтыбаев.


Жоғары қарай