Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Маңғыстауда 16 жастағы бозбала суға батып кетті

2020 жылдың 29 мамыр 2020 22:20

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласынан 40 шақырым жерде орналасқан «Шора» су каналында 2004 жылы туған жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, ол сол жердегі балық аулауға келген тұрғындардың бірінің баласы.

Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқарушылар, жергілікті атқарушы және полиция органдары жұмыс істеп жатыр.

«Өкінішке қарай, іздеу жұмыстары әзірге нәтиже бермеді, яғни суға батқан адамның денесі әлі табылған жоқ. Осыған қарай, іздеу жұмыстарына қайықтары және құтқару құрал-жабдықтары бар волонтерлерден көмек көрсетуді сұраймыз»,-деген хабарлама тарап жатыр әлеуметтік желіде.

Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, адамның суғат батып кеткені туралы хабарлама жергілікті уақыт бойынша сағат 16.35-те келіп түскен.

«Суға батып кеткен бозбала Мұнайлы ауданының тұрғыны. Әкесімен бірге «Шора» каналына суға түсуге келген. Алдымен, бала көлге өзі түсіп, көзден таса болған. Әкесі артынан жүгіреді, ол да батып кете жаздаған. Әкесін сол жердегі балықшылар шығарып алыпты. «Шора» каналына түсуге тыйым салынған. Бұл жерде осы уақытқа дейін 40-тан астам адам суға батып кеткен. Жыл сайын адам қайтыс болады, тұрғындар түсінбейді»,-дейді облыстық төтенше жағдай департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров.


Жоғары қарай