Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстау тұрғынының екпеден қайтыс болғаны жайлы ақпарат жалған – комитет

2021 жылдың 21 қаңтар 2021 12:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысы тұрғынының вакцинадан кейін қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған еді.

ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев бұл ақпараттың жалған екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Батыр ауылының тұрғыны вакцина салдырғаннан кейін қайтыс болды деген ақпарат жалған. Facebook әлеуметтік желісінде жарияланған 1978 жылы туған ер адам осы жылдың 19 қаңтарында қан қысымының көтерілуіне байланысты қайтыс болған. Ол ешқандай вакцина салдырмаған. Бүгінгі күні Маңғыстау облысына коронавирус инфекциясына қарсы вакцина жеткізілмеген. Вакцинаның бірінші партиясын аймаққа жеткізу 2021 жылдың 28-29 қаңтарына жоспарланған. Бірінші кезекте жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел медициналық жәрдемнің, реанимацияның, МСАК-тың, қабылдау бөлмелерінің, санэпидқызмет мамандарының медицина қызметкерлері вакцинамен қамтылатынын атап өтеміз. Қайтыс болған азамат осы санаттардың ешқайсысына жатпайды», - деп хабарлады комитеттен.

Комитет ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат тарату 1000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не 1 жылға дейінгі мерзімге шектеуге немесе одан айыруға жазаланатынын еске салады.





Жоғары қарай