Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстау тұрғындары ерекше құсты видеоға түсіріп алды

2020 жылдың 3 тамыз 2020 10:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ерекше құс Жаңаөзендегі мұнай кен орындарының бірінде видеоға түсірілді. Бейнероликке Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінде түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Экологтардың түсіндіруінше, бұл құс – қарабай, ұшып қайту кезінде Маңғыстау облысындағы ағын сулар аумағында кездеседі. Қазіргі кезде олар мұнай кәсіпорнынан ұшып кетті.

Қарабай – тұмсығы ұзын, доға тәріздес, көлемі орташа құс. Жаз мезгілінде күңгірт қызыл-қоңыр түсті, маңдайы, төбесі, арқасы және қанаттары жасыл, күлгін түсті болады. Қыста астыңғы жағы қоңыр, күлгін түсті болса, басы мен мойынының жоғарғы бөлігі топырақ түстес-күңгірт болып, қауырсындарының түсі ақ болады.

Аталығы аналығынан басындағы айдарымен ерекшеленеді (аналығында мұндай айдар болар-болмас көрінеді немесе мүлдем болмайды), тұмсығы аздап қана имек, көлемі де басқа. Сирақтары жасыл-қара түсті, тұмсығы, көзінің жан-жағы жасыл-күңгірт түсті.

Қарабай – Каспийдің солтүстік жағалауы мен Жайық пен Орал сағасында ұя салады. Бұрын Сырдарияның төменгі жағын, Торғай және Іле сағасын мекендеген. Шошқакөл көлін де мекен етуі мүмкін. Батыс Қазақстан мен Көшімнің төменгі жағында, Маңғышлақ пен Үстіртте ұшып-қонады. Наурызым қорығына (1986 және 1989 жылы көктемде), Қорғалжын (1971 жылдың 7 сәуірінде) және Іле сағасына (1983 жылдың 23 сәуірінде 30 құс) ұшып қонғаны белгіленген, деп баяндады экологтар.


Басты сөздер: Экология, Маңғыстау облысы,
Жоғары қарай