Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Маңғыстау облысының қаржы басқармасына жаңа басшы келді

2020 жылдың 30 мамыр 2020 16:23

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы қаржы басқармасының басшысы қызметіне Қуаныш Берішбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

​​Қуаныш Берішбаев 2006 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін инженер мамандығы бойынша тамамдаған. ​ ​

Еңбек жолын «СМК-4» ЖШС құрылыс жөніндегі шебері қызметінен бастап, «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ жер қойнауы департаментінің менеджері, табиғи ресурстарды дамыту департаментінің менеджері, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақтау қалалық аумақтық инспекциясының жетекші маманы болған.

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының ұйымдық-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, Маңғыстау ауданы әкімі аппаратының басшысы, Ақтау қаласы әкімі аппаратының басшысы, Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Бұған дейін ол Маңғыстау облысы әкімінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөніндегі кеңесшісі болып қызмет етті.


Жоғары қарай