Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстау облысының Әзербайжанмен сыртқы сауда айналымы 23,7 млн долларды құрады

2021 жылдың 20 қыркүйек 2021 21:59

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Маңғыстау облысы мен Әзербайжан Республикасы арасында сыртқы сауда айналым 23,7 млн. АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Әзербайжан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Эльмар Маммадов Рагим оглыны қабылдады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Екіжақты кездесуде Маңғыстау облысы мен Әзербайжан Республикасының арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту, өңір аралық кәсіпкерлікті дамытудың инвестициялық мүмкіндіктері мен перспективалары талқыланды.

Әзербайжан Республикасы Маңғыстау облысының сыртқы сауда байланыстарында маңызды рөл атқарады. 2021 жылдың қаңтар-шілдесінде сыртқы сауда айналымы 23,7 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 26,7% - ға артқандығын көрсетеді.

Осы жылдың қаңтар-шілде аралығында Маңғыстау облысының Әзербайжанға экспорты 19,8 млн АҚШ долларын құрады.

Маңғыстау облысының аумағында Әзербайжан капиталының қатысуымен тұрғын үй құрылысы, өзде де құрылыс -монтаж жұмыстары, техникалық сынақтар мен талдаулар жүргізетін қызмет, дайын тамақ өнімдері сынды 212 кәсіпорын тіркелген.

Бүгінде Ақтау мен Баку әуе, теміржол, автомобиль және теңіз көлігі бір жерге шоғырланған ірі көлік-логистикалық орталығына айналды.

Жиын соңында екі тарап бірлескен жобаларды жүзеге асыру және екіжақты қарым-қатынасты дамытудың жаңа формаларын іздестіру туралы шешімге келді.


Жоғары қарай