Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстау облысында жол қозғалысы ережелерін бұзған кортеж жүргізушілері ұсталды

2021 жылдың 26 шілде 2021 07:48

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысының Басқұдық ауылының орталық көшесінде автокөліктер кортежі жолда жүру ережелерін бұзды. Шеруге қатысушылар полиция бөлімшелеріне жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Шеруге қатысқан сегіз жүргізуші Мұнайлы ауданының полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Ереже бұзушылардың автокөліктері айыппұл тұрағына қойылып, полиция қазіргі кезде кортеждің басқа қатысушыларын анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.


Басты сөздер: Қоғам, Маңғыстау облысы,
Жоғары қарай