Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Маңғыстау облысында су тұшыту зауытының құрылысы басталады

2021 жылдың 13 қыркүйек 2021 17:15

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев аппараттық жиын барысында халықты ауызсумен үздіксіз қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды іске асыруды жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Нұрлан Ноғаев Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған өзекті мәселелердің бірі елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету екенін атап өтті.

«Облыста аймақты сумен қамтуға бағытталған бағдарлама бар, алайда біз оның нәтижесін күтіп отыра бермей, өзекті мәселелерді шешудің қосымша жолдарын іздеуіміз керек. Бізге Ақтау қаласының аумағынан су тұшытатын зауыт құрылысына өз қаражатын салуға дайын инвесторлар хабарласты. Біз мұндай бастамаларды толық қолдаймыз»,- Нұрлан Ноғаев жиын барысында.

Жаңа зауыттың жоспарланған қуаты 20 мың текше метрден астам. Облыс әкімі келер жылдың жазында алғашқы кезеңі аяқталатын зауыт құрылысын Ақтау қаласының әкіміне жеке бақылауына алуды тапсырды. Бірінші кезеңінде тәулігіне 5 мың текше метр су тұшытылмақ.


Жоғары қарай